Дін-Мұхамед Сұлтанғазин
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дін-Мұхамед Ханқожаұлы Сұлтанғазин (10 наурыз 1867 жыл, Қарқаралы уезі — 1917 жыл, Баку) — қазақ журналист, тілмаш, қазақ ұлттық журналистикасының негізін қалаушылардың бірі.
Дін-Мұхаммед Ханқожаұлы Сұлтанғазин | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі | |
Әкесі |
Ханқожа Сұлтанғазин |
1867 жылы 10 наурызда Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысында туған. Төре руынан шыққан. Бөкейхан Барақ ұлының шөбересі. Әлихан Бөкейхановтың інісі.
Дін-мұхамед Сұлтанғазин (ол тегі атасы Сұлтанғазы Бөкейхановтың атынан алды) 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетіне оқуға түсіп, бір жылдан кейін Императорлық Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне ауысты.
1895 жылы 1–ші дәрежелі дипломмен бітірген соң, сол университеттің заң факультетіне оқуға түсіп, 1897 жылы заңгер дәрежесін алды. Екі жоғары білім алған тұңғыш қазақ болды.
Араб, парсы, түрік, татар, орыс және француз тілдерін меңгерген 3 мамандықты меңгерген білікті қазақ 30 жасында көрнекті қазақстандық публицист және қоғам қайраткері болды. Оның журналистік қызметі 1888-1902 жылдары «Дала уалаяты» газетінде редактор және аудармашы болып жұмыс істеген кезде айқын көрінді.
1910 жылдан өмірінің соңына дейін Бакуде діни орталықта шығыс тілінен сабақ берді, мұсылмандарға сабақ берді.
Көп жылдар "Дала уәлаяты" газетінде аудармашылық қызмет атқарған. Оның газетке басылған мақалаларының қай-қайсысынан да прогрестік, ағартушылық идеяны байқауға болады. Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласындағы істерін қолдап, оны қай жағынан да өзіне ұстаз тұтқан. Қазақ тілі туралы көлемді мақалалар жариялап, оның сол кездегі жағдайына, болашағына дұрыс талдау жасаған.
Оның шет ел сөздерін орынсыз алудың дұрыс еместігі, алған кезде оны қалай транскрипциялау керектігі, қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен ерекшелігі, араб әліпбиінің қазақ сөздерін жазуға келе бермейтіндігі сияқты пікірлері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.